Доллар бағамы шамамен 570 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе?
Доллар бағамы шамамен 570 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе?
©Р.Фахрутдинов
365
оқылды

Ресей валюта нарығында доллар бағамы 90-95 рубльден басталып, қазір 100 рубльге дейін жетті. Ал ҚР Ұлттық банкі бекіткен рубль бағамы 5,7 теңгеге тең.

Әзірге болжам бойынша, доллар бағамы шамамен 570 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі теңгені тұрақтандыру үшін базалық мөлшерлемені 13,5%-ке көтерді. Сонымен бірге 108 млн долларға интервенция жасады. Қазақстанның қор нарығы бүгін, 15:00-де ашылады. Ресми валюта бағамы сол кезде белгілі болады. Ал Лондон қор биржасында қазақстандық компаниялардың акциялары құлдырады. Ең қатты арзандаған - Kaspi-дің бір қағазы 52 долларға дейін жоғалтты, Halyk Bank - 10,1 долларға дейін, "Қазатомөнеркәсіп" 28,1 долларға дейін құнсызданды.