Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны 3 есе көбейді
Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны 3 есе көбейді
© autogear.ru
255
оқылды
Қазақстанның аэронавигациялық жүйесі ешқандай шектеусіз әуе қозғалысын қабылдай алады, - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдеріне бағытталған транзиттік рейстердің көпшілігі қазір Еуропаның оңтүстік дәліздері арқылы орындалуда.
"Бұл ретте әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына бағытталды. Соңғы тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалды", - делінген хабарламада.
Республиканың аэронавигациялық жүйесінің өткізу қабілеті ешқандай шектеусіз әуе қозғалысының қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
"Қазронавигация" РМК Қазақстанның батыс облыстары арқылы транзиттік рейстердің күрт өсуіне байланысты әуе қозғалысын басқару жүйесінің өткізу қабілетін арттыру бойынша уақытылы шаралар қабылданғанын хабарлайды. Ағымдағы тәулікте Қазақстанның әуе кеңістігіндегі рейстердің жалпы саны үш еседен астамға ұлғайды, бұл 450-ден астам рейс. Әуе кеңістігін басқару жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және осы жүктемелерге шыдауға мүмкіндік береді. "Қазаэронавигация" РМК диспетчерлік құрамы жұмыс көлемін ұлғайтуға дайын. Барлық рейстерге уақытылы және сапалы қызмет көрсетілетінін мәлімдейміз. Біздің басты міндетіміз-қауіпсіз және үздіксіз әуе қозғалысын қамтамасыз ету", - деп нақтылады комитет.
Сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар арнайы шара қарастырылған: қосымша секторлар ашу, кезекші ауысымдарды күшейту және азаматтық-әскери үйлестірудің өзара іс-қимылы, түзетілген және балама бағыттар ұсыну, Қазақстанның әуеайлақтарына қонатын кемелер үшін әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беруді оңайлату және т.б. Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс әкеледі.