Қазақстанның Украинадағы елшілігі тағы 34 қазақстандықты Киевтен Польшаға алып шықты
Қазақстанның Украинадағы елшілігі тағы 34 қазақстандықты Киевтен Польшаға алып шықты
164
оқылды
Қазақстанның Украина астанасындағы елшілігі 34 азаматты Польша шекарасына алып шықты. Олар сол елден Қазақстанға арнайы рейспен қайтады. Бұған дейін Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстан Ресей мен Украинаға келіссөз ұйымдастырып беруге дайын. Мұны Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.