Қазақстанның Украина астанасындағы елшілігі 34 азаматты Польша шекарасына алып шықты. Олар сол елден Қазақстанға арнайы рейспен қайтады. Бұған дейін Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстан Ресей мен Украинаға келіссөз ұйымдастырып беруге дайын. Мұны Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.