Желіде Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға жариялап жатқаны туралы ақпарат таратылуда

Желіде Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға жариялап жатқаны туралы ақпарат таратылуда

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ashyq бағдарламасы Сейшел аралдарында тіркелген және ол қазақстандықтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға жариялап жатқаны туралы ақпарат таратылуда. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – жалған ақпарат.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ таратылған мәліметті жоққа шығарды. «Ashyq «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның («ҰАТ» АҚ) қорғалған контурындағы серверлерде орналасқан. Олар ақпараттық қауіпсіздіктің барлық бірыңғай талаптарына сәйкес келеді және Қазақстанда тіркелген. Қосымшаның функционалы дербес деректерді сақтауды, әсіресе деректерді үшінші тұлғаларға беруді қарастырмайды. Ashyq-тың бағдарламалық қамтамасыз етілуі азаматтың мәртебесін ғана көрсетеді. QR-кодты сканерлеу кезінде Ashyq автоматты түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорына адамның мәртебесін (қауіпсіз, бейтарап, ауру жұқтырған және науқаспен байланыста болған) анықтау үшін сұрау жібереді, бұдан басқа QR-кодты сканерлеу кезінде ешқандай іс-әрекеттер жүзеге асырылмайды. Ashyq жеке деректерді сақтамайды және жинақтамайды», – деп хабарлады компаниядан.