Украина мен Ресей келіссөзі: тараптар кеңес алу үшін өз астаналарына кетті
Украина мен Ресей келіссөзі: тараптар кеңес алу үшін өз астаналарына кетті
210
оқылды
Ресей мен Украина өкілдері келіссөздердің бірінші кезеңінен кейін кеңес алу үшін өз астаналарына кетті. Бұл туралы журналистерге Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты. Бес сағатқа жуық уақытқа созылған кездесу Беларусьтің Гомель облысында өтті.
 "Украина мен Ресей делегациясы келіссөздердің бірінші раундын өткізді. Оның негізгі мақсаты Украинадағы атысты тоқтату және соғыс қимылдарын талқылау болды. Тараптар белгілі бір шешімдер белгіленген бірқатар басым тақырыпарды анықтады. Сол шешімдер бойынша қандай да бір кеңес алу үшін қос тараптың өкілдері өз елдерінің астаналарына қайтады. Жақын арада екі тараптың келіссөздердің екінші раундын өткізу мүмкіндігін талқылады", - деді Подоляк.
https://www.youtube.com/watch?v=UA1Jcy7DG5Y&feature=emb_title Бұған дейін Ресей мен Украина өкілдері Беларусь елінде келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы хабарланған болатын.