Өмірге құштар жүрек тоқтады
Өмірге құштар жүрек тоқтады
199
оқылды
Белгілі саясаттанушы, публицист, ғалым Кенжеболат Жолдыбай өмірден өтті. Білімі терең, адамгершілігі мол,  рухани әлемі бай, білікті азамат еді. Респуб­лика­лық деңгейде қоғамдық және мемлекеттік қызметтерде айшықты қолтаңбасын қалды­рып, тәуелсіздіктің тұғырын нығай­туға үлесін қосты. Ол  1951 жылғы 18 желтоқ­санда Қарағанды облысының Жезді кентінде дүниеге келген. Жезқазған облыстық партия комитетінде экономикалық білім беру жөніндегі кеңесші, лектор, саяси ұйымдастырушы, қоғамдық пікірді зерттеуші тәрізді жұмыс­тармен, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары ретінде идеология және әлеуметтік мәселелермен айналысты. Алғашқыда Жезқазған облыс­тық «Білім» қоғамы, кейіннен 1993 жылдан 1997 жылдың мамыр айына дейін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының, Жезқазған облыстық ұйымы төрағаларының орынбасары болды. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ басқар­ма­сының басшысы, «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Заң АК» ашық акционерлік қоғамының Астана қаласын­дағы өкілдігінің жетекшісі, «Қазақ­стан» РТРК» АҚ төрағасы­ның бірінші орынбасары, «Қазақпарат» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті сияқты лауазымды қызметтер атқарған. Жатқан жеріңіз жайлы, топы­рағыңыз торқа болсын!

AIQYN газетінің ұжымы