Дэвис кубогына дайындықты бастады
Дэвис кубогына дайындықты бастады
186
оқылды
Қазақстан құрамасы 4-5 наурызда Ослода Норвегиямен өтетін Дэвис кубогының іріктеу кезеңіне дайындығын бастады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Бұдан бұрын Норвегия астанасына Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко келді. Жақында олардың қатарына Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те қосылады. Қазақстандықтар Дэвис кубогы аясында норвегиялықтармен алғаш рет кездеседі. – Дайындықты бастап кеттік. Біздің құрама Норвегия теннисшілерін жеңуге бар күшін салады. Хард төсеніші екі командаға да қолайлы, – деді Михаил Кукушкин. Іріктеу кезеңінде жеңіп шыққан команда қыркүйек айында өтетін Дэвис кубогының финалдық сатысына (командалық әлем чемпионатына) жолдама алады.

А.ЖАСАНҰЛЫ