1 наурызға арналған ауа райы болжамы
1 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: news.myseldon.com

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Оңтүстікте – найзағай, батыс пен оңтүстік-шығыста – көктайғақ. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, түнде облыстың солтүстігінде желдің күшеюі, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстігінде, облыстың орталығында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстік жартысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз Алматы облысының шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде көктайғақ, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, батысында, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, түнде және таңертең Солтүстік, Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі.