Кәсіпорын басшысынан 52 миллион теңге бопсалады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Кәсіпорын басшысынан 52 миллион теңге бопсалады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Полиция департаментінің мәліметінше, 23 ақпанда полицейлер ақша бопсалады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Ер адам 2020 жылы сәуір-қыркүйек айлары аралығында Павлодардағы ЖШС-нің бас директоры мен директорынан 52 миллион 080 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған деп күдіктелуде», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.