Мемлекет басшысының қатысуымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі басталды
Мемлекет басшысының қатысуымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі басталды
240
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі басталды. Онлайн форматта өтіп жатқан съезге әр өңірден 399 делегат қатысып жатыр.

Съездің ашылу салтанатында Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру қажет екенін айтты. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті делегаттар! Сіздің тапсырмаңызды орындау мақсатында партия жұмысына кешенді талдау жасалды. Қоғамдық пікір мен сарапшылардың ұстанымы зерттелді. Аймақтардағы партияластардан ұсыныстар жиналды. Халықты толғандыратын өткір мәселелерге, «Nur Otan»-ға қатысты қоғамдық сынға жүйелі сараптама жасалды. Адалдық пен әділдік, нәтижелі жұмыс пен жауапкершілік, жеделдік пен ашықтық – қазіргі таңда қоғамның партияға және оның әрбір мүшесіне қойып отырған басты талабы. Осыған орай, партияны модернизациялау бағдарламасының жоспары дайындалды, оның негізгі бағыттарын айтып беруге  рұқсат етіңіздер. Бірінші. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру қажет деп санаймыз. Ең әуелі партия жанындағы қоғамдық кеңестердің құрылымын қайта жасақтау керек. Сандық емес, сапалық көрсеткіш маңызды. Кейбір кеңестерде салалық мәселелер бойынша көтеретін сұрақтар тым ұқсас болғандықтан оларды біріктіруді ұсынамыз. Республикалық деңгейде – 9, аймақтарда – 8, аудандарда – 5 кеңестен қалдырған жөн. Ел аумағы бойынша кеңестер саны 700-ге қысқарады. Бұған қоса олардың құрамы да жаңартылады. Белсенділігі төмен кеңес мүшелерінің орнына елдің сөзін сөйлейтін тұлғаларды тартамыз. Кеңестер отырыстарын барынша ашық, онлайн форматта өткіземіз. Осылайша билік, партия мен азаматтық қоғам арасындағы жан-жақты диалогтың жаңа мәдениетін қалыптастырамыз», – деді Асхат Оралов.