Бүгін Nur Otan (қазіргі атауы – Amanat) партиясының кезектен тыс съезі өтті. Саясаттанушы Индира Рыстина съезде айтылған мәселелерге қатысты пікір білдірді.
«Партия атауы Amanat деп өзгерді. Бірақ атаудан басқа да өзгерістер таныстырылды. Саяси алаңның бүгінгі күнгі ең басты критерийі бұл – заман талабына сай қоғам талаптарын ескеру. Әрбір саяси институт өзгерістерге бейім болуы керек. Әсіресе, халық мүддесін негізге алатын саяси партиялар. Саяси партия теориясына сәйкес партияның сыртқы және ішкі қызметтері бар. Ішкі қызметтері партияның құрылымы мен қаржыландырылуы туралы. Ал сыртқы қызметі халықпен қарым-қатынас орнатып, ол мүдделерді негізге ала отырып, билікке ұмтылуға бағытталған. Сондықтан да кез келген саяси партияның басты күші – халық. Партияның бар болуы да халыққа байланысты. Партияның басты мақсаты – халықтың мұң-мұқтажын жеткізу. Amanat партиясы бүгін ұсынған модернизация жоспарына сай, халық үнін естуге және оны билік институттарына жеткізу қызметін бірінші кезекке қойып отыр. Атап айтқанда:- кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру,
- шет аймақтарға партиялық қабылдау алаңдарының шығуы,
- қоғамдағы ахуалды бағалау үшін құрылған «Әлеумет» жобасы,
- азаматтардың ұсыныстарының онлайн форматта бақылай алуын енгізілуі.