Халықтың сенімінен шығатын партияға айналамыз – Артур Ермуханов
Халықтың сенімінен шығатын партияға айналамыз – Артур Ермуханов
264
оқылды

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Ермұханов съезде көтерілген мәселелерге қатысты пікір білдірді.

– Бүгінгі өткен партияның кезектен тыс XXII съезінде партияға ғана емес, елімізге қатысты маңызды шешімдер қабылданды деуге болады.  Ең әуелі партия атауы өзгерді. Бұл ұсынысты Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов көтерген болатын. Өйткені «Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін ребрендинг мәселесі қозғалған. Сондықтан Үкімет елдің назарына іліккен нәрсені бей-жай қалдырмайтынын, сырт айналмайтынын көрсетті. Осыдан кейін Партияның жаңа атауының талқысына қатысқанын сөз еткен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat атауына тоқтағанын жеткізді. Аманат сөзі – кеудесінде жаны бар барша азамат үшін қасиетті де қастерлі сөз. Сондықтан бұл атауды иеленген партиямыз алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ететініне сенімдімін. Екіншіден, Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның 7 бағыттан тұратын жаңғырту жолы баяндап, құрылымы жағынан қандай өзгерістер болатынын айшықтады. Саяси партия теориясына сәйкес партияның сыртқы және ішкі қызметтері болады. Ішкі қызметтері партияның құрылымы мен қаржыландырылуы туралы. Ал сыртқы қызметі халықпен қарым-қатынас орнатып, олардың мүдделерін билікке жеткізуге бағытталған. Сондықтан да партияның басты мақсаты – халықтың мұң-мұқтажын жеткізу. Атап айтар болсақ, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жүйелендіру. Олардан жинақталған, яғни партия мүшелері жарнасының 20 пайызын партия жобаларын іске асыруға пайдалану – бізді қуантты. Алдағы уақытта атқарар жұмыс та, алға қойылған мақсат-міндет те көп. Сонымен қатар кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру, шет аймақтарға партиялық қабылдау алаңдарының шығуы, азаматтардың ұсыныстарын онлайн форматта бақылауды енгізілуі дұрыс шешім. Осындай іс-шаралар жүзеге асырылып, толыққанды орындалса, халықтың сенімінен шығатын партияға айналамыз. Сол себепті, барша әріптес-партия мүшелерін Жаңа Қазақстанды құруға күш салуға шақырамын, – деді Артур Ермұханов.