"Украина Қазақстанға ауадай қажет": Екі ел бір-біріне қандай тауар тасиды?
"Украина Қазақстанға ауадай қажет": Екі ел бір-біріне қандай тауар тасиды?
Фото: Кapital.kz
316
оқылды

Украина Қазақстанға көбіне дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдерін жібереді. Ал Қазақстаннан Украинаға шикізат ресурстары экспортталады. Екі ел бір-біріне қандай тауарлар тасиды?

Былтыр Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 35,5%-ға көп. Бұрын 2012 және 2013 жылдары бұл көрсеткіш 4,3-5,3 млрд доллар болған. 2021 жылы Қазақстан Украинаға 575 миллионнан астам АҚШ долларына тауар жіберген. Оның көбі шикізат: мұнай газдары мен газ тәрізді көмірсутектер, соның ішінде пропан мен бутан газдары, көмір, тыңайтқыштар, мырыш, ферроқорытпа, дәнді дақылдар мен күкірт. Ал Украинадан Қазақстанға 451,4 млн АҚШ долларына тауар жеткізілген. Тауардың көбі дайын өнімдер: дәрі-дәрмек, қағаз, картон, сүт өнімдері, құс және сиыр еті, кондитерлік, нан-тоқаш және шоколад өнімдері, ауыл шаруашылығы мен бау-бақшаға арналған машиналар мен жабдықтар, жиһаз және қыш бұйымдары.