Шымкентте 1 миллион құрт пен бауырсақ таратылды
Шымкентте 1 миллион құрт пен бауырсақ таратылды

Шымкент қаласындағы Этноауыл тарихи кешенінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бүгінгі мерекенің ауқымы мұнымен шектелмейтінін және ел игілігі үшін қызмет еткен азаматтарға алғыс айтуға жалғасатынын жеткізді.

Шымкент – Бұл мереке түрлі тарихи кезеңдер мен оқиғалардың салдарынан қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы қазақ халқына құрмет көрсететін, қамқорлығы мен мейірбандығы үшін алғыс айтатын күні. Бірақ, бүгінде мерекенің ауқымы мұнымен де шектелмейді. Біз бұл күні ақ жаулықты аналарымызға, ақ сақалды қарияларымызға, айналасындағы адамдардың игілігі мен елдің дамуы үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтарымызға алғыс айтуды, ризашылығымызды білдіруді дәстүрге айналдырып келе жатырмыз, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары. Мереке күніне орай Шымқаладағы 15 ірі сауда ойын-сауық орталығы мен қалалық саябақтарда, әуежай, теміржол вокзалы, базарлар мен студенттер көп тұратын шағын аудандарда 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ таратылды.