361 қазақстандық Украина-Польша шекарасын кесіп өтті
361 қазақстандық Украина-Польша шекарасын кесіп өтті
155
оқылды
1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтуде, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.  Польшадағы Қазақстан елшілігі біздің азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттар тәулік бойы кезекшілік атқарып отыр. «Air Astana» әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Атырауға техникалық қону қажеттілігінен кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар. Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовице қаласында Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған. Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда.