Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға қонды
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға қонды
Украинадағы Қазақстан азаматтарының екінші легі елордаға келді. Бұл Қазақстан сыртқы істер министрлігі ұйымдастырып отырған екінші ұшақ. Air Astana Airbus A320 ұшағы 1 наурызда Катовицеден Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.44-те шыққан. Ұшақ Қазақстан астанасының әуежайына 21.03-те қонды. Ұшақта Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған 120 қазақстандық, оның ішінде төрт бала болған. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушыларға қала бойынша тасымалдау үшін үш автобус берді. Бұған дейін Украина шекарасынан өтіп Польшаға жеткен, 124 Қазақстан азаматының елге ұшып келе жатқанын хабарлаған едік.