Бокстан әлем чемпионы мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды
Бокстан әлем чемпионы мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды
191
оқылды
Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшысы 33 жастағы Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты.
"Өткен аптада танымал боксшы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды. Абыройлы қызметте табыс тілеймін! Еліміз үшін және әр қазақстандық үшін бокстың орны бөлек. Сол үшін әрдайым әлемдік бокс бәсекесінің алдыңғы сапында болуымыз керек", - деп жазды Абаев.
Мерей Ақшалов 1988 жылы туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
2008 жылы тамызда Бейжіңде өткен Олимпиадада 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
2013 жылдың шілдесінде Иордания астанасы Амманда 64 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
2013 жылдың 26 қазанында Алматыда өткен 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионы атанды.
2014 жылы денсаулығына байланысты спорттағы мансабын аяқтады. Дәл осы жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.