Чемпиондар кестесінде қайта көш бастады
Чемпиондар кестесінде қайта көш бастады
Tennis Europe ұйымы биыл күзде 14 жасқа дейінгілер арасында Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Заңғар Нұрланұлы аталмыш рейтингте 445 ұпаймен қайта көш бастады. Заңғар бұған өткен аптада Парижде Tennis Europe сериясы бойынша ұйымдастырылған жарыста жеңімпаз атануы нәтижесінде қол жеткізді. Турнир барысында жас қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің бірінші ракеткаларын қапы қалдырған болатын. Tennis Europe ұйымының 14 жасқа дейінгілер арасындағы жалпы рейтингінде Заңғар Нұрланұлы бесінші орынға жайғасты. Айта кетейік, Junior Masters – ірі халықаралық дода. Оған Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік теннисшілері қатысады. Кезінде бұл сында Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты мықты теннисшілер чемпион атанған.