Геосаяси ахуал ушыққан қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек – Тоқаев
Геосаяси ахуал ушыққан қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек – Тоқаев
Фото: mail.kz
449
оқылды

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды. Халықаралық ұйымның қоғамда алар орны туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазба жариялады.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», – деді.

Бұған дейін БҰҰ Қазақстан реципиент елден донор елге айналғанын хабарлаған еді.