Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, – деп жазады tengrinews.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева өз еркімен өтініш берген.«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», – деді Асылбек Смағұлов.Палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.
Жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды», – деді.
Бұған дейін Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеген еді.