Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңге тағы да құнсызданды.
Сауда-саттықта, доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 6,68 теңгеге өскен. Доллардың орташа бағамы 492,21 теңге болды. Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 487, 75 теңге. Алматыда доллар 491,54 теңгеден сатылса, сатып алу – 496,58 теңге. Астанада доллар 492,23 теңгеден сатылса, сатып алу құны – 495,72 теңге.Бұған дейін Үкімет пен Ұлттық банк қымбатшылыққа қатысты бағдарлама жасап жатқанын хабарлаған болатынбыз.