18:45 - БҰҰ-ның мәліметі бойынша, соңғы алты күнде Украинадан 836 мыңға жуық адам кеткен.
17:43 - Еуропалық Одақ "ВТБ", "Ресей", "Открытие", "Новикомбанк", "Промсвязьбанк", "Совкомбанк" және "ВЭБ" банктерін SWIFT-тен өшірді.
17:31 - Украина мен Ресей делегациясының екінші келіссөзі бүгін, 2 наурызда кешке өтеді. Бұл туралы Владимир Зеленскийдің кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.
17:15 - Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері 6 мың ресейлік әскери адам қаза тапқанын хабарлады.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украина тарапы таратқан ақпаратқа ешқандай түсініктеме бермеді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путинге ақпарат жеткізілгенін, бірақ Кремль ондай деректі жарияламайтынын айтты.
14:34 - DHL компаниясы Ресей мен Беларуське жүк пен құжаттар жеткізуді тоқтатты.
13:05 - Ресей Қорғаныс министрлігі әскери күштерінің Херсонды толық бақылауына алғанын мәлімдеді.
12:00 - «Новая газетаның» дата бөлімі Украинадағы соғыстың картасын жариялады. Ресей әскерлері Украина жеріне төрт бағытта шабуылдап жатыр. Елдің солтүстігінен Чернигов және Сумы облыстары арқылы Киевке; солтүстіктен Харьковқа; оңтүстіктен Херсонге, Запорожьеге, Мариупольға ДХР мен ЛХР жақтан соққы жасап жатыр.
[caption id="attachment_186427" align="aligncenter" width="1200"]