Алтайдың жусаны Covid-19-ды емдеп, адам ағзасын жасартады
Алтайдың жусаны Covid-19-ды емдеп, адам ағзасын жасартады
©egemen.kz

Бұл жаңалықты астаналық ғалым Ерлан Сүйлеймен ашты. Ол жайында ең ірі MDPI атты ғылыми журнал жариялады.

Ғалымның айтуынша, жусанның адамға пайдасын осыдан 10 жыл бұрын анықтаған. Ол кезде Ерлан Сүйлеймен доктарантурада оқыпты. – Елімізде жусанның 80 түрі бар. Бұл дәрі жусанның бір түрінен ғана дайындалған. Оның өзін экспедицияға барған ботаниктер Алтай аймағынан әкелген еді, – дейді  Ерлан Сүйлеймен. Қазір ғылыми зерттеуге Мысыр мен Араб Әмірліктерінің ғалымдары қосылды. Міне, олардың өзі бұл жусанның коронавирусты емдейтінін анықтады. – Жусаннан дәрі дайындап шығаруға көп уақыт керек. Әзірге өнеркәсіптік жолмен немесе синтездеу арқылы пайдалануға болады. Оның үстіне, жусанның өзі антитоксидант. Ал ғылымда антитоксидант ағзаны жасарта түсетіні белгілі, – дейді ол.