Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, - деп жазады baribar.kz.
"Бұл парламентте жасаған бір депутаттың мәлімдемесі болды. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі жағдайды түсіндіру үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Одан түсініктеме күтеміз. Сыртқы істер министрлігі өткізетін іс-шараларды қадағаласаңыз, министр шетелге белсенді түрде шығатынын байқайсыздар. Түрлі алаңдарда — БҰҰ-да, адам құқықтары жөніндегі кеңесте сөз сөйлейді. Еліміздің жағдайы туралы толық ақпарат беріп отырғанымызды көріп отырсыздар, — деді Шахрат Нұрышев мәжілістегі журналист сауалына.Еске сала кетейік, жақында Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Украинадағы әскери арнайы операцияға байланысты Ресейге қарсы салынған санкцияларды талқылау кезінде Қазақстан мен Әзербайжанға да қарсы санкция енгізуді ұсынған еді. Ол Қазақстан мен Әзербайжанды “Путинді қолдаушылар” деп мәлімдеді. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс бұл мәселені зерттейтінін айтты.