Мүлікті және қаруды ұрлау фактілері бойынша 7 күдікті ұсталып, сот санкциясынан қамаққа алынды
Мүлікті және қаруды ұрлау фактілері бойынша 7 күдікті ұсталып, сот санкциясынан қамаққа алынды
Ішкі істер органдары қаңтар оқиғалары бойынша 174 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді айыптау актісімен аяқтады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрлық, тонау жасаған адамдарды анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.
«Тек өткен апта ішінде мүлікті және қаруды ұрлау фактілері бойынша 7 күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамаққа алынды. Мысалы, Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында 5 адамнан құрылған топ полиция қызметкерлерінің арнайы құралдарын және қаланың 4 дүкенінен әртүрлі тауарларды жымқырған. Жедел іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің біреуі тұратын мекенжай бойынша полицейлердің қалқандары, 2 электр самокат, 2 теледидар, 3 ноутбук, компьютер техникасы мен жаңа брендті киім-кешек алынды. Одан басқа күдіктілерден сатуға дайындалып қойылған «пироллидин» есірткі заты салынған 76 орам табылып алынды. Осы эпизодтың барлық қатысушылары анықталды және соттың санкциясынан күзетпен ұстауға алынды. Тағы бір мысал, 6 қаңтарда Алматы қаласында Түркістан облысының 2 тумасы банкоматты бұзып алып, 1 млн теңгеден артық ақшалай қаражат ұрлаған. Бейнежазбалар мен тергеу әрекеттері күдіктілердің кінәсін дәлелдейді. 8 қаңтарда Түркістан облысында бұрын ұрлық және тонау үшін сотталған 2 жергілікті тұрғын ұсталды, олар биылғы 5 қаңтарда Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында «Техно дом» сауда үйінен  5 «Canon» фотоаппаратын, «Acer» ноутбугін, 3 «Iphone 12» және «Самсунг» ұялы телефонын, ер адамдарға арналған заттарды және Алматы қаласында Төле би көшесіндегі «Зергерлік бұйым» дүкенінен 11 зергерлік әшекейді ашық түрде ұрлаған. Күдіктілер күзетпен ұстауға алынды», - деді спикер.