Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ. Кеңес отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды", - деп жазды ол.Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін жазған болатынбыз.