Президент Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Президент Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, өңірлердің әкімдері қатысты.Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды.