Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды
Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды
163
оқылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады. Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді. Сонымен қатар Жедел штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.