Головкин мен "Конелоның" үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Головкин мен "Конелоның" үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
130
оқылды

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды.

USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұған дейін Альварес төрт титулды сарапқа салатыны айталған болатын. Үшінші жекпе-жекке дейін екі боксшы да көктемгі жекпе-жегін сәтті аяқтауы керек: Головкин 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Риота Муратамен, ал «Канело» Дмитрий Биволмен 7 мамырда кездеседі деп жоспарланған.