Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 5 адам қайтыс болды.
Қайтыс болғандар арасында 4 адамда коронавирус, 1 адамда пневмония болған. 3 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустан 18 093 адам (–16 973+ және 1 120 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде, 1 945 науқас стационарда, 16 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.