LIVE: Ресей – Украина соғысы. 8-күн
LIVE: Ресей – Украина соғысы. 8-күн
©А.Ахметқазы
365
оқылды
18:14 - Украинаның Қарулы Күштері Киев облысындағы Буча қаласын қайтадан басып алды. Бұл туралы УНИАН агенттігі хабарлады. 16:11 - Ресей АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатады. "Олар ғарышқа сыпырғыштарымен ұшсын", - деді Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин. 15:18 - ЕО Украинаға гуманитарлық көмекке 500 миллион еуро бөлді. Сонымен бірге, ЕО Румынияда гуманитарлық "хаб" құрмақшы. 13:58 - Украинаның Төтенше жағдайлар министрлігі Черниговтағы мұнай базасына снаряд түскенін хабарлады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. [gallery size="full" columns="1" ids="186553,186552"] 13:18 - Халықаралық паралимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшыларын Паралимпиададан шеттетті. 13:12 - Владимир Путин Мемлекеттік Думаға ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімге түзетулерді ратификациялауға енгізді. Ол "үйлестіруші мемлекет"ұғымын енгізуді ұсынады. 12:28 - Қазақстан Украинадағы соғыста бейтарап болатынын мәлімдеді. "Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Біз бұл жағын да, басқа тарапты да қолдамаймыз", - деді Қазақстанның Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов. - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасқан. "Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті", - деп жазды Ақорда. [caption id="attachment_186513" align="aligncenter" width="1200"]Тоқаев, Зеленский, Қазақстан, Украина Фото: Ақорда[/caption] - Канада "Газпромның" және "Роснефтьтің" 10 негізгі қызметкеріне қарсы санкция енгізді. - Бразилиялық Embraer әуеөндірушісі Ресей ұшақтарына қосалқы бөлшектер жеткізбейтін болды. Сонымен бірге ресейлік компаниялардың әуе паркіне қызмет көрсетпейді. - Украинадағы ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылау миссиясының қызметкері Марина Фенина Харьковтағы шабуыл кезінде қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС жазды. - Түнде Киевте жарылыстар болды. Харьков облысының Изюм қаласында да жарылыстар болған. – Toyota, Lexus және Mercedes-Benz Ресейде автокөлік өндірісін тоқтатады.