Алматы облысында 280 мың теңгеге дейін пара алып келген үш инспектор ұсталды
Алматы облысында 280 мың теңгеге дейін пара алып келген үш инспектор ұсталды
Фото: nur.kz
128
оқылды

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп, Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз әрекетін әшкереледі.

Бөлім басшысы мен оның екі қызметкері 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін тұрақты түрде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алған. Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жария етуге жатпайды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшылары ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.