Жамбылда дүкенді жармақшы болған жігіт ұсталды
Жамбылда дүкенді жармақшы болған жігіт ұсталды
Жамбыл облысы Тараз қаласында дүкенді жарып жіберуге әрекет еткен 35 жастағы азамат ұсталды. Ол сауда орнына қара пакетпен кіріп, ішінде бомба бар екенін айтқан. «102» пультіне түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары жетіп, ғимараттан барлық азаматтарды эвакуациялаған. Алайда бүкіл аумақ тексерілгенімен бомба табылмаған. Ұсталған күдіктіні тергеу барысында анықталғаны ер азамат дүкенге өзінің таныс әйелін іздеп келген екен. Алайда ол жұмыс орнында болмағандықтан «бомба жарамын» деп қорқытқан. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға қатысты 5000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу әлде бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін ескертеді.