"Қазақстан темір жолы" компаниясының қарызы 1,9 трлн теңгеге жетті

Қазақстан темір жолы
Фото: ҚазАқпарат

"ҚТЖ" ҰК 2021 жылғы қаржы көрсеткіштерінің қорытындысын шығарды.

Былтыр компания 120 млрд теңге табыс тапқан. Ал борышы - 1,9 трлн теңгеге жеткен.

"2021 жылы қорытынды пайда 120 млрд теңге болды. Борыш 2019 жылғы 57%-дан 2021 жылдың соңына қарай 34,8%-ға дейін төмендеді. Қазір компанияның борышы - шамамен 1,9 трлн теңге. S & P агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ұзақмерзімді рейтингін "ВВ" деңгейіне дейін көтерді", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.