"Қазақстан темір жолы" компаниясының қарызы 1,9 трлн теңгеге жетті

"Қазақстан темір жолы" компаниясының қарызы 1,9 трлн теңгеге жетті

"ҚТЖ" ҰК 2021 жылғы қаржы көрсеткіштерінің қорытындысын шығарды.

Былтыр компания 120 млрд теңге табыс тапқан. Ал борышы - 1,9 трлн теңгеге жеткен. "2021 жылы қорытынды пайда 120 млрд теңге болды. Борыш 2019 жылғы 57%-дан 2021 жылдың соңына қарай 34,8%-ға дейін төмендеді. Қазір компанияның борышы - шамамен 1,9 трлн теңге. S & P агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ұзақмерзімді рейтингін "ВВ" деңгейіне дейін көтерді", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.