Доллардың құны тағы күрт өсті
Доллардың құны тағы күрт өсті
Фото ©REUTERS
131
оқылды
Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар құны күрт өсті.  Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыда америкалық валютаны 502-505 теңгеге сатып, 495-499 теңгеге сатып алып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пунктерінде долларды сату тоқтатылған. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі 2 наурызда  доллар бағамын 487,75 теңге деңгейінде бекітті. Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 1 наурызда 495,00 теңге деңгейінде бекіткен болатын.