Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Биылғы 1 наурыздан бастап Президенттің Баспасөз қызметі телеграм әлеуметтік желісінде «Борт N1» (https://t.me/bort_01) атты ресми канал ашқанын хабарлаймын. Телеграм каналда шағын хабарламалар, аңдатпалар, экспресс-аналитика, инфографикалар, бейресми фото мен видеолар және басқа да мәліметтер қамтылады. Құрметті әлеуметтік желілердің қолданушылары! Сіздерді біздің Т-каналымызға жазылып, Президенттің қызметіне қатысты маңызды ақпараттармен дер кезінде танысып отыруға шақырамын», - деп жазды ол.