Krisha.kz сайтының хабарлауынша, қаңтар айында Қазақстанның 15 қаласында пәтер қымбаттаған. Орташа есеппен 1,7 пайызға өскен, – деп жазады Tengrinews.kz.
Дереккөздің жазуынша, қаңтарда орташа есеппен пәтердің шаршы метрі 214 875 теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайызға көп.
[caption id="attachment_1867" align="alignnone" > Фото: Krisha.kz[/caption]
«Өскеменде пәтер бағасы 3,8 пайызға өсіп, шаршы метрі 225 375 теңгеге жеткен. Семейде де пәтер 3,2 пайызға қымбаттап, шаршы метрінің бағасы 190 178 теңге болды. Ал Алматыда пәтер 2,8 пайызға қымбаттап, шаршы метрі 240 750 теңгеге жеткен» делінген ресми зерттеуде.