Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырған орын иелерінің жеке басы анықталуда, олар одан әрі жауапкершілікке тартылады.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, жасырылған орын қаланың Алатау ауданындағы 13-ші ықшам ауданынан анықталды.
Ол тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды.
"Жедел-тергеу тобы 12 калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, пышақтар, 200-ден астам патрон, сондай-ақ оптикалық көздеуіштерді тәркіледі. Бұл қарудың 6 қаңтарға қараған түні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырған орын иелерінің жеке басы анықталуда, олар одан әрі жауапкершілікке тартылады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
https://www.youtube.com/watch?v=n_myZU18P0Y&feature=emb_title