Желіде Қазақстан АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізеді деген ақпарат тарады
Желіде Қазақстан АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізеді деген ақпарат тарады
211
оқылды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді доллар бағамының құлдырауына байланысты АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізу ниеті туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралуда. Бұл фейк ақпарат, деп жазады stopfake.kz.  width= Бұл ақпараттың алғашқы дереккөзі Instagram-дағы Qazinform24 аккаунты болып табылады. Бұл парақшада шынайы ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунттың ерекшелігі – Қазақстан туралы сатиралық хабарламалар мен фейктер. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында да, басқа да сенімді ресурстарда да Қазақстанның АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізгені туралы ақпараттар жоқ. Пайдаланушылар ойдан шығарылған сатиралық жаңалықтарды шынайы ақпаратпен шатастырған жағдайлар бұған дейін де болған. Біз бұл туралы жазған болатынбыз.