Түркиядан жеңіспен оралды
Түркиядан жеңіспен оралды
Астаналық жас футболшылар Түркияда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды. Аталған сында 10 футбол командасы өзара бақ сынасқан. «Бұл мен жаттықтырып жүрген балалардың алғашқы халықаралық жарысы. Және олар бірден чемпион атанды. Футболдан турнир 2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Балалармен бірге Түркияда 10 күндей болып, жаттығу өткізіп, бақ сынадық. Ойындағы біздің басты қарсыласымыз түрік футбол командалары болды. Негізі, қатысушылардың саны көбірек болған. Соңғы жағдайларға байланысты Ресей, Украина және басқа да елдердің командалары жарыстан бас тартты»,– деді Нұр-Сұлтан қаласы олимпиадалық резервтің мамандан­дырылған балалар мен жас­өспірім­дерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы Ербол Жайлаубеков.