Паралимпиадаға қатыспайды
Паралимпиадаға қатыспайды
122
оқылды
Халықаралық паралимпиада комитеті шешімін өз­гертіп, ресейлік және бе­ларусь спортшыларына Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына қатысуға ты­йым салды. Бұл туралы ХПК баспасөз қызметі мә­лімдеді. Сәрсенбі күні ХПК Ресей мен Беларусь спортшыларына ойынға бейтарап мәртебеде қатысуға рұқсат берген еді. Шешім ХПК алқасының арнайы шақырылған отырысынан кейін өзгертілді. «Соңғы 12 сағат ішінде бізге көптеген қатысушы хабарласып, ойын ашық айтты. Мен бұған р­и­замын. Олар бізге шешімімізді қайта қарастырмасақ, оның Бей­­жіңдегі Паралимпиада ойындарына кері әсері тиюі мүмкін екенін айтты. Бірнеше ұлттық паралимпиада комитеті ол жағ­дайда жарысқа қатыспай­тынын айтып наразылық білдір­ді», – деді ХПК президенті Эндрю Пар­сонс. 28 ақпанда Халықаралық Олимпиада комитеті халықаралық спорт федерацияларына Ре­сей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты Ресей және Беларусь спортшыларының халықаралық жарыстарға қа­тысуына жол бермеуді ұсынды.

А.ЖАСАНҰЛЫ