Tiji, Nickelodeon арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көреді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мәлімдеді. «Былтырдан бастап өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Басты бағытымыз – «Ұлттық рухани жаңғыру» және Жол картасы жобаларын сапалы іске асыру. Бұл мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған», – деді министр А.Омаров.