Алматыда Қаңтар көтерілісі кезінде дүние мүлкінен айырылған кәсіпкерлерге 3,7 миллиард теңге төленді
Алматыда Қаңтар көтерілісі кезінде дүние мүлкінен айырылған кәсіпкерлерге 3,7 миллиард теңге төленді
Фото: newtimes.kz
217
оқылды

Қала әкімдігінің мәліметінше, шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 633,6 млн теңгеге 119 өтінімі мақұлданды.

Оның ішінде, 520,3 млн теңге сомаға 60 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 113,3 млн теңгеге 59 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленді.
«Алматы қаласы бойынша жалпы 3 774,1 млн теңге сомаға 1009 өтінім мақұлданды. Оның ішінде, бюджет қаражатынан 2 796,2 млн теңге сомаға 519 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаражысынан 977,9 млн теңге сомаға 490 өтінімге қаржы төленді» делінген хабарламада.
Дүние мүлкі тоналып, шығынға батқан кәсіпкерлердің өтініші InfoKazakhstan сайтына келіп түседі. Бүгінде Алматыда зардап шеккен 1413 ШОБ субъектісі анықталды.

Кеше Президент жаңадан тағайындалған Бас прокурорға Қаңтар оқиғасын мұқият тексеруді тапсырған еді.