Жастарға артылған үміт үлкен

Жастарға артылған үміт үлкен

Партияның кезектен тыс ХХІІ съезін­де жаңалықтар мен жақ­сылықтар көп бол­ды, соның ішінде жастар қауымы үшін оның атауының «Amanat» болып өзгеруі ерек­ше әсер етті деуіміз керек. Жастар мұны бізге ата-бабамыздан берілген аманат ретінде қабылдады. Сол себепті еліміздің тәуелсіз­ді­гін нығайтып, өркениет көшіндегі дамы­ған мемлекеттер қатарына қосуға міндетті екенімізді түсіндік. Бұған дейін Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қ.Тоқаев қоғамда жастармен жұмыс істеу жағы біршама ақсап жатқанын айтты. Біз бұл сынды жіті қабылдап, Отанымыздың болашағы болатын, елдің ертеңгі иесіне айналатын жас қауымның жағдайын жақсартуға барынша күш саламыз деп тас-түйін бекіндік. Бұл бағыттардағы жұмыстарды қазірдің өзінде қызу бастап кетті.

Еркебұлан АҚБОЛАТОВ, «Jas Otan»ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы