Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлемдік аренада беделін арттыру, шет мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты дамыту және нығайту мақсатында телефон арқылы өзге елдердің өкілдерімен жиі байланысқа шығады. Мәселен Мемлекет басшысы жыл басынан бері 20 рет телефон арқылы өзге елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен тілдескен екен.
Ресей президенті Владимир Путинмен 4 рет [caption id="attachment_186760" align="alignnone" > Фото: Kremlin.ru[/caption] 1 қаңтардан бері ең көп телефон байланысы Ресей президентімен болған. Екі ел президенті осы уақытқа дейін 4 рет сөйлескен. Қаңтардағы екіжақты әңгімелесулер ҰҚШҰ-ның жұмысы жайлы өрбіді. Қазақстан президенті қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ біріккен бітімгерлік күштерін жіберу туралы мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді. Ал соңғы болған байланыс кезінде президенттер екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Пікір алмасу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне Украинамен арадағы жағдайды ортақ келісімге қол жеткізу арқылы шешу аса маңызды екенін жеткізді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен 3 рет [caption id="attachment_186767" align="alignnone" > ИА "Казинформ"[/caption] Ең жиі болған телефон байланысы бойынша 2-орында Өзбекстан президентімен болған әңгімелесу тұр. ҚР президенті Шавкат Мирзёевпен екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері, қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономика байланыстары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдар жайлы талқылады. 13 мемлекеттің және Еуропа одағының басшыларымен болған телефон байланыстары Иран президенті Ибрахим Раиси Иран тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажеттігін қоса айтты. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Президенттер екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. Олар өзара сауда-саттық көлемінің артқанын, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанын айтты. Сонымен қатар, бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті. Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған сұхбат барысында Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Мысырмен сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға ниетті екенін білдірді. Мемлекет басшысы Мысыр президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Франция президенті Эммануэль Макрон [caption id="attachment_186763" align="alignnone" > Фото: REUTERS[/caption] Француз тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. Президенттер тұрақты байланыс жасап тұруға келісті. Украина президенті Владимир Зеленский [caption id="attachment_186765" align="alignnone" > Фото: REUTERS / Gleb Garanich[/caption] Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келісімге келудің маңызды екенін айтты. Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларымен Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дағы әріптестеріне 13 қаңтарда бітімгерлік күштердің елімізден шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, қаңтар оқиғасы кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ҰҚШҰ-ның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті. Президент сондай-ақ Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен, Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.