Нұр-Сұлтанда заңсыз майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
"Тексеру барысында 3 теңіз контейнердің ішінде 1170 бірлік мөлшерінде "ANTMINER E3", "WHATSMINER M20S", "ANTMINER T17", "ANTMINER L3+" майнингке арналған цифрлық жабдықтың 4 түрі табылды", –ҚР ҚМА Баспасөз қызметіМайнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды. Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ доллар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған.