Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.