Қазақстанда мәжілістің екі депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Қазақстанда мәжілістің екі депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
149
оқылды
Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен онлайн режимде ведомство отырысы өтті. Отырыста Ортсайлауком мүшелері келесі қаулыларды қабылдады:
1. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Файзолла Қаменұлы Қаменовтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы; 2. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Николаевич Решетниковтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы.
Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттары Файзолла Қаменовтің және Сергей Решетниковтің өтініш берулеріне байланысты олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп қаулы етті. Аталған депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдар ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін болады.